Біздің мамандықтар
ЖАҢАЛЫҚТАР







Ұлттық кітап күніне орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасына экскурсияға білім алушылар қатысты
«Түркі дүниесі жас ақындарының халық поэззия фестивалі» атты поэзия кеші
Поэзия – сөз өнері. Әдебиеттегі көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне поэзияның аса маңызды әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар. Ол – айналамыздағы дүниені, өмірді танып – білудің күшті құралы, біздің қоғамдық ой – санамыздың, көркемдік, эстетикалық сезіміміздің үлкен өнімді саласы. 26.09.2024 жылы әр поэззиядан шабыт алып, қанаттанып жүрген білім алушыларымыз бен ұстаздарымыз «Түркі дүниесі жас ақындарының халық поэззия фестивалі» атты поэзия кешінде бас қосты. ?
“Алматы - біздің ортақ үйіміз?”
Табиғат адам баласының бойындағы бар махаббат мейірімімен шұғылалы шуағын
жүрегімізге ұялатқан аяулы анамыз.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының басты мақсаты – қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау және оларды іске асыру үшін жағдай жасау.
“«Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі. Осыған орай білім мекемелерінде есірткіге қатысты түрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Жасөспірімдерге есірткінің зияны туралы айтылатын пайдалы жиындарды өткізу, құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы олардың есірткіге тәуелді болмау жолдарының алдын алуға болады.
Біз күш біріктірудің арқасында өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенеміз.
Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке.
«Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты. «Ата ұлды, ана ұлтты тәрбиелейді» дейді. Бұл сөздің айрықша мән-маңызы бар», – деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.