2024-2025 оқу жылының басында Алматы Ұлттық Медициналық колледжінде «Сенім жәшігі» мөр қойылып, құлпыланып, колледждің 1 қабатындағы көрнекті жерге ілінді. «Сенім жәшігі» бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға бұйрық шығарылды.  «Сенім жәшігі» бойынша колледж ішілік комиссия мүшелері тағайындалды.

  Комиссия мүшелері: мектеп директоры   Игембердиев Т.Қ,

 директордың   тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Турганбаева К.А ; 

 колледж президенті   Ерхан Жандос 3 курс студенті ;

 тәртіп және құқық фракциясының жетекшісі Әлімқұл Айым   2 курс студенті

Бұйрық бойынша осы жұмыстың орындалуы колледждің оқытушысы Ермекқызы Қарлығашқа жүктелінді. «Сенім жәшігі» 10 күнде 1 рет комиссия мүшелерінің қатысуымен ашылып, тексеріліп, мәлімет жазылуда.  «Сенім жәшігіне» түскен хаттарды тіркеуге  арнайы журнал арналды, хат түскен жағдайда комиссия мүшелерімен қарастырылып, акт, хаттама толтырылады.  Сенім жәшігіне студенттер мен ұстаздар, ата-аналар тарапынан ешқандай хаттар, үндеулер, ұсыныстар түскен жоқ. «Сенім жәшігінің» жұмысы алдағы уақытта да жалғасын табады.  

 

Колледжде сондай-ақ, «Сенім телефоны» жұмыс жасайды.