«Түркі дүниесі жас ақындарының халық поэззия фестивалі» атты поэзия кеші
Поэзия – сөз өнері. Әдебиеттегі көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Оның үстіне поэзияның аса маңызды әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарды бейнелеп көрсете алатын зор мүмкіншілігі бар. Ол – айналамыздағы дүниені, өмірді танып – білудің күшті құралы, біздің қоғамдық ой – санамыздың, көркемдік, эстетикалық сезіміміздің үлкен өнімді саласы. 26.09.2024 жылы әр поэззиядан шабыт алып, қанаттанып жүрген білім алушыларымыз бен ұстаздарымыз «Түркі дүниесі жас ақындарының халық поэззия фестивалі» атты поэзия кешінде бас қосты. ?